«Адал еңбек және үздіксіз даму» атты Республикалық онлайн байқауы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«KEMEL KELESHEK» білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып «Біртұтас тәрбие» мемлекеттік бағдарлама аясында Республика күніне орай ұйымдастырылған «Адал еңбек және үздіксіз даму» атты Республикалық онлайн байқауы өтетіндігін хабарлайды.
Байқауға қатысу үшін жұмыстар 2025 жылдың 6- мамырына дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 10 мамыр күні жолданады.
Байқаудың өткізілу мақсаты: әлеуеті жоғары шығармашыл жастарды анықтау, балалар мен жасөспірімдердің және ұстаздардың а) Еңбекқорлық пен мақсатқа жету жолындағы табандылықты қалыптастыру – қатысушыларды еңбекқор болуға, өз мақсаттарына жету үшін тынымсыз еңбек етуге ынталандыру; ә) Жас таланттарды ашу және қолдау – оқушылардың өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және олардың еңбегін бағалауға мүмкіндік беру; б) Жеке даму мен білім алу маңыздылығын түсіндіру – үздіксіз білім алу, дағдыларды дамыту және жеке тұлғалық өсуге бағытталған мотивацияны арттыру.
Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай:
I.
Балабақша тәрбиеленушілері;
II.
Кіші топ 1 – 4 сынып оқушылары
III.
Орта топ 5 – 7 сынып оқушылары
IV.
Үлкен топ 8 – 11 сынып оқушылары
V.
Колледж және ЖОО студенттері
VI.
Мұғалімдер және тәрбиешілер
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ
Байқауға қатысу шарттары:
Байқауға қатысу ерікті түрде жүргізіледі.
Байқауға төменде көрсетілген бес номинацияның бірін таңдап қатысуға болады (бір қатысушы бір номинацияға ғана қатыса алады және бір қатысушы бір жұмыс қана жібереді):
1)«Үздік фото,бейне түсірілім» номинациясы бойынша қатысушылар:
( Бұл номинация ерекше еңбекқорлығымен, табандылығымен және ұжымдық, сыныптағы топтық жұмыстағы үлесімен ерекшеленетін адамдарды бейнелейтін ең жақсы фото немесе бейнетүсірілімге беріледі. т.б. тақырыптар аясында фото н/е бейнеролик (2-3 мин) түсіру сипаттамасымен.
2)«Абай Құнанбайұлы- үздіксіз ізденістің үлгісі» номинациясы бойынша қатысушы: (Қатысушылар ақынның кез-келген өлеңнің, қара сөзін немесе ақынның өмірбаяның) жолдауы керек.
3)«Сурет және қолөнер» номинациясы «Таза- Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бойынша еңбек пен табиғаттың арасындағы тығыз байланысты бейнелейтін суреттер мен қолөнер жұмыстары үшін беріледі. Мақсаты – табиғатты қорғау мен еңбек адамның қоршаған ортаға әсері арасындағы гармонияны көрсету. Еңбек пен табиғат арасындағы үйлесімді көрсету.
4)«Шынайы еңбек- биік белестердің бастауы» номинациясы бойынша қатысушылар шығарма, эссе немесе өзіне жақын шығармашылық жұмысын жолдауы керек.
5)«Еңбекпен келген өнер» номинациясы бойынша қатысушылар ән, би, күй, мәнерлеп оқылған өлең жұмыстарын жолдай алады.
Жіберілген жұмыстар әділқазы алқасы мүшелері тарапынан тексеріліп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі жүлделі орындармен марапатталады.
Жетекшісіне Алғыс хат беріледі. 5 оқушыдан артық қатыстырған жетекшіге Құрмет Грамотасы беріледі.
Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады.
Байқауға қатысу жарнасы 800 (сегіз жүз) теңге.
Қатысушылар жоғарыда айтылған ережелерге сүйене отырып жасаған жұмыстарын kemelkeleshek@gmail.com электрондық мекен-жайға немесе WhatsApp номеріне +7 706-674-96-00 жолдауы тиіс. Жұмыс жіберу кезінде қатысушының немесе жетекшісінің аты-жөні қатесіз жазылуы қажет. Қате жолданған жағдайда ұйымдастырушылар жауапкершілік алмайды.
Білім орталығы туралы

“Kemel keleshek” өнер-білім беру орталығы директоры Асет Ілияс Амангелдіұлы
Орталықтың мақсаты ұстаздар мен оқушылардың шығармашылық және академиялық біліктілігін арттыру, біртұтас тәрбие негізінде жас ұрпақты жан-жақты жетілдіру және оларға жағдай жасау. Интелектуалдық пайым-парасатын арттыру.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 (706) 674-96-00, +7 (707) 118-57-95

